ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш тергеу орбитасында жүр. Бұлай деп ҰҚК төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтыпты.Айтқанын сөзбе сөз қайталасақ, ол «Самат Әбіш тергеу орбитасында жүр. Ол тергеу бойынша сұрақтарға жауап беруде. Қандай дәрежеде екенін білмеймін. Бірақ ол Қазақстанда. Оны өзім көргем жоқ. Менің ойымша тергеу жүріп жатыр, ол болуы тиіс» депті Мәжіліске келген кезде сұрақтың астына алған журналистерге.
Бұдан басқа:
-Бұрынғы төраға қазір тергеуде. Одан бөлек оның үш орынбасары және Қызылорда, Алматы облыстарының, Алматы қаласы сияқты аумақтық департаменттердің басшылары да тергеуде, — деген ол.
Кәрім Мәсімовтің ісіне нүкте күзде қойылатын сияқты. Сондай-ақ бәрінің ісінде «әрекетсіздік», «салақтық» деген бап басымдау сияқты.