Оны «КазМунайГаз» небары 1 теңгеге сатып алмақшы. Бұл нені көрсетеді? Әрине, елдегі референдумнан кейінгі өзгерістерді көрсетеді. Бір жағынан бұл әлі ештеңені түсінбеген боп жүрген миллиардерлерге жасалған ескерту. Активтерін Құлыбаевшалап өздері өткізе бастайды, болмаса мәселе төтесінен қойылады.
«Petrosun» ЖШС-ы шикі мұнайды сатып алу мен оны өңдеу, жеткізу, сату сияқты экономикалық жағынан ең пайдалы іспен айналысып келген компания. ҚР ішінде де, шет елдерге де табысты.
Оның бірнеше құрылтайшылары бар. Олардың ішінен Раушан Махатайқызы Сағдиева, Данияр Рүстемұлы Әбілғазин, Айдан Төлеутайқызы Сүлейменованың аты-жөндерін кездестіруге болады. Ең соңында, әрине, Тимур Құлыбаевтың өзі тұр.
Forbes журанлының мәліметінше Тимекеңнің мамыр айындағы байлығы 3.9 млрд долларға бағаланған болатын. Бұл еліміздегі екінші бай бизнесмен дегенді білдіреді. Әйелі Динара Назарбаеваның доллары да Тимурдікінен кем емес. Ал Жезқазғанның мысын тақымына басқан Владимир Кимнің байлығы 5 млрд долларға бағаланған болатын.
Ол да қылпылдап жүрген шығар.