ҚР ҰҚК экс-төрағасы, мемлекетке сатқындық жасады және басқа да күдіктермен тергеу изоляторында тергеліп жатқан Кәрім Мәсімрвтің інісі Нұрлан Мәсімов те құқық қорғау органдарына ұстатпай қашып жүрген. Тіпті, аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасады деп күдікке ілінген Н. Мәсімовтің тығылған жерін көрсетіп, тауып берген адамға 12 миллион теңге сыйақы да жарияланған.
«Дүние кезек, терме тезек». Бір кездерде Павлодар облысының полиция департаментін басқарып тұрған дөкей енді ұры тышқандай төлқұжатын ауыстырып Ресей шекарасынан өтіп кетпек болған жерінен қолға түсіпті.
Жедел іздестіру шарасының нәтижесінде бүгін, 13 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының аумағы арқылы Ресей Федерациясына табанын жалтыратпақ болған Нұрлан Мырзаханұлы тұтқынға алынды.
«Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің» деген, «аса ауыр сыбайлас жемқорлық жасады» дегеннің аржағында не тұрғанын көп ұзамай біліп қалармыз.