Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду Сауд Арбаиясы чемпионатындағы ойындарды сараптайтын көрсеткіштің «қолайлы сәтті пайдалана алмау» деген бөлігі бойынша ең нашар шабуылшы атанды.
Мәселе — Роналдудың чемпионат барысында гол салуға ұтымды сәттің 20-сын дұрыс пайдалана алмауында болыпты. Дәл осындай көрсеткіш бойынша «Аль-Хиляля» клубының шабуылшысы Александр Митрович 19 қолайлы сәттен айырылған. «Ең нашар шабуылшы» атағына үшінші болып «Аль-Иттифак» ойыншысы Мусса Дембеле (15 ) ілініпті.
Соған қарамастан, Роналду осы чемпионаттағы 22 матчта қарсыластар қақапасына 23 гол соғып, ең үздік шабуылшы ретінде танылған Бірақ Саудия арабтары гол соғуға болатын 20 сәтті құр жіберген Роналдудың «икемсіздігін» бәрібір ұмыта алар емес. Білгенге, бұл да сабақ қой.