Бұл бағдарлама энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін мақсатты инвестиция тартуға мүмкіндік береді әрі тұтынушыға түсетін жүктемені барынша азайтады.
Өткен жылы осы бағдарлама аясында едәуір қаражат жұмылдырылып, елдегі электр станцияларында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын дер кезінде орындауға қол жеткізілді. Биылғы жылы инвестиция көлемі 428 млрд теңгеге дейін ұлғаяды деп күтілуде.
Жаңартылған бағдарламаның басты жаңалығы – инвестицияларды қайтарудың жылдық лимитін 32 млрд-тан 428 млрд теңгеге дейін көтеру және электр қуатын қолдауға арналған қызметтің шекті тарифін арттыру. Бұл — жеке капитал тартуды және ауқымды техникалық қайта жарақтандыруды ынталандырады.
«Тарифты инвестицияға айырбастау» бағдарламасы тарифтік өзгерістерді энергия өндіруші компаниялардың нақты міндеттемелерімен – жөндеу қорларын ұлғайту, жабдықтарды жаңарту, өндіріс жұмысшыларының әлеуметтік және еңбек жағдайын жақсартуды көздейді. Еңбекақыны көтеру, станцияларды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу – осының барлығы бүкіл энергетикалық жүйенің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Сайып келгенде, бағдарлама шеңберіндегі тарифті түзету — заманауи, орнықты әрі келешекке бағытталған энергетиканы қалыптастыруға жасалған ойластырылған қадам. Ұзақ мерзімді инвестициялық көзқарас арқылы еліміздің энергетикалық әлеуетінің қауіпсіздігін нығайтып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жетуге елеулі үлес қосады.
Тариф қалыптастырудың ашықтығы мен қаражатты пайдалану туралы есептілікке келсек, энергия өндіруші ұйымдардың деректері енді уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылады.
Сондықтан электр энергиясы бойынша шекті тарифті бекіту немесе түзету жөніндегі келесі өтінімдер де осы ақпараттық жүйе арқылы беріліп, тарифтүзу процестері толық цифрландырылмақ.