Қазақстандағы АЕК көлемі өсті. Енді 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК мөлшері 4 325 теңге болып белгіленді. Қазір ол 3932 теңгеге тең. Бұл АЕК деген «паек» 393 теңгеге өсті деген сөз.
Осының салдарынан барып 2026 жыдан бастап айыппұлдың көлемі де өседі.
Мысалы, жылдамдықты сағатына 10–20 шақырымға арттыру 5 АЕК, немесе 21 625 теңге. 20–40 километрге арттыру 10 АЕК — 43 250 теңге. 40 километр сағаттан асса 20 АЕК, 86 500 теңге. Жыл ішінде бұзушылықты қайталау — 30 АЕК, 129 750 теңге.
Автомашинаны жүргізуші куәлігінсіз айдау 5 АЕК, немесе 21 625 теңге.
Жол ережелері мен белгілерін сақтамау 3 АЕК, немесе 12 975 теңге.
Қызыл жарыққа тоқтамау 10 АЕК, немесе 43 250 теңге; қайталанған жағдайда 15 АЕК, немесе 64 875 теңге.
Автомашинаны жаяу жүргіншілер жолағымен айдау 15 АЕК, немесе 64 875 теңге.
Автокөлікті дұрыс қоймау — 5 АЕК, немесе 21 625 теңге; таспажолға қою — 10 АЕК, немесе 43 250 теңге; тұрақ ақысын төлеуден бас тарту — 3 АЕК, немесе 12 975 теңге.
Полицияың автокөлікті тоқтат деген талабын орындамау — 40 АЕК, немесе 173 000 теңге; қайталу — куәліктен айыру немесе 5 сөткеге қамау, ал куәлігінен айырылғандарға арналған айыппұл 60 АЕК, немесе 259 500 теңге.
Жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу, белдікті тақпау, рулде келе жатып телефонды пайдалану 5 АЕК, немесе 21 625 теңге.
Жаяу жүргіншілер ЖЖЕ бұзғаны үшін 2 АЕК, немесе 8 650 теңге, қайталаған жағдайда — 10 АЕК, немесе 43 250 теңге.
Алкогольді ішімдік ішу немесе көпшілік орында мас болып жүру 5 АЕК, немесе 21 625 теңге, шекті жағдайы — 10 АЕК, немесе 43 250 теңге.
Көпшілік пайдаланатын орынды ластау, (саябақтар, скверлер) 10 АЕК, немесе 43 250 теңге. Қайталанған жағдайда — 20 АЕК, немесе 86 500 теңге.
Жылқы жылының тарту-таралғысы осындай, ағайындар!

