Мемлекет басшысының төрағалық етуімен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында қару-жарақ жасау мен оларды сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселесі қаралды.
Бірақ баяндамаларда не айтылды? Қандай қару-жарақтар сатылып алынбақ? Ол қазіргі соғыстың заманауи әдіс-тәсіліне сай келе ме? Ол жағы жұтаң ақпаратта айтылмпаты. Бірақ бұрынғы кеңес одағы мен РФ ескі қару-жарақтарының әлеуеті Таулы Карабах пен Украина соғысында мәлім болып қалды.
Сондықтан, Қоғаныс министрлігі Қазақстанның қорғанысы үшін Америкадан «Хаймерс», «Астамас», ал Түркиядан ұшқышсыз басқарылатын ұшақ (БЛА) «Байрактар» сатып алу мәселесін жеделдетіп қолға алса екен деп тілейміз. Бір рет сатып алып, тоқмейілсімей оларды жыл сайын көбейтіп отыру да қажет шығар.
«Өз елінің әскерін асырамаған мемлекет, өзге елдің әскерін асырайды» деген қанатты сөз бар. Әскерге бөлінетін қаржыны екі, үш есе ұлғайтып, Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс әскери окургтерінің әл-ауқатын, киім-кешегін, әскери оқу-жаттығуын мықтайтын да уақыт жетті. Осы аты атлған округтерде өзара ішкі әскери оқу-жаттығуларын өткізу де жыл сайын қайталанып тұрса деп ойлайсың Осы аталған әскери окуругтерді америкалы «Хаймерс», «Астамас», түркиялық «Байрактармен» қаматамасыз ету де кезек күттірмейтін мәселе. Түркия елімен бірлесіп шығаратын ұшқышсыз басқарылатын аппараттың өндірісін де жұрттың ертерек көргісі келеді.
Осының бәрі Қауіпсіздік кеңесінде сөз болса, нұр үстіне нұр болар еді.