Амангелді газ кен орны облысымыздағы Талас ауданының солтүстігінде, Тараз қаласынан 190 км қашықтықта орналасқан. Аймақтың ауа райы күрт континенттік, жазы ыстық, ұзақ, қысы суық, қары аз боп келеді.
Амангелді кен орнында ұңғыма алаңдарына, вахта кентіне, су жинау және тазарту ғимаратына, бұрғылау және құрылыс қоқысын уақытша сақтау алаңына, өрт сөндіру депосы мен әкімшілік блогы орналасқан орталық газ дайындау қондырғы алаңына келтірілген ішкі кәсіпшілік жол торабы бар.
2009 жылдың 1 желтоқсанынан бастап УПГ-4,38 Газды қайта өндеу қондырғысы пайдалануға берілді, ол алау газды өндіріп, пропан-бутон қоспасын және тауарлық газ алу үшін арналған. Бұл технологияны еңгізуден қоршаған ортаға зиянсыз таза экологиялық әсер мол болып отыр.
Нақты айтқанда:
1.Заманға сай қайта өндеу технологияларын еңгізу арқылы газдың ішкі ресурстарын тиімді пайдалану;
2.Атмосфераға жиналған қалдық шығарылуының бірнеше есе төмендеуі арқылы қоршаған орта ахуалының жақсаруы.
Шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесі де өркениетті еодерге тән. Мысалы, кен орнында өндірістік қызмет нәтижесінде пайда болатын шаруашылық-тұрмыстық ағын сулар жүйесі санитарлық-эпидемиялық талапқа жасалған.
Вахта кентінде ғимараттар мен құрылыстардан пайдаланған су сыртқы өзіндігінен ағатын кәріз жүйесіне құйылып КЖЖ (кәріз жиынтық жүйесі) қабылдау құдығына ағып келеді. Сорғы станциясынан 80 мм диаметрлі қысым құбыры арқылы қысым құмтұтқышқа, одан кейін ағынды суларды тазарту қондырғысының блогына кетеді.
ГДОҚ-дан (газ дайындайтын орталық қондырғы) шаруашылық пен тұрмысқа пайдаланған сулар жергілікті тазарту құрылысы — септикке жиналады. Жиналған су септиктен вахта кентінде орналасқан тазарту қондырғысына арнайы көлікпен жеткізіледі. Шаруашылық-тұрмысқа пайдаланған сулардың баратын соңғы жері ол вахта кентінде орналасқан буландырғыш тоған.
Өндірістік кәріз де экологиялық талапқа сай. Амангелді газ кен орнында техникалық су — қабатты су, ағынды су (ГДОҚ) және су даярлайтын бекеттен шығатын ерітінді ретінде ұсынылған. Қабатты және ГДОҚ-дан шығатын ағынды су құрамында мұнайы бар ағынды суды тазалайтын қондырғыға құйылады, содан кейін тазарған су резервуарға келеді. Су даярлау кезеңінен кейін ерітінді де резервуарға келеді, содан соң ағынды сулар буландырғыш тоғанға жіберіледі. Қайта пайдаға асыруға жарайтын қалдықтар арнайы кәсіпорынға жеткізіледі. Бұл металл өндеуден қалған, істен шыққан құрамында сынап бар люминесцент шамдарының, жұмыс істемейтін аккумулятор батареяларының және пайдалынған майлардың қалдықтары.
Серіктестікте 2013-2017жж аралығына өндірістік экологиялық тексеру бағдарламасы тағайындалған. Осы бағдарламаның ішінде Амангелді кен орнының нысандарында қоршаған ортаның мониторингі жүргізіледі, оның мақсаты газ өндірудің қоршаған табиғи ортаға әсері туралы сенімді ақпарат алу, табиғатты қорғау үшін жасалған шараларды бағалау.
Өткізілген қоршаған ортаның өндірістік мониторинг нәтижесінде Амангелді газ кен орнының аймағы мен санитариялық қорғаныс шекарасында 2013 жылдың 1-ші жарты жылдығы ішінде өндірістің техникалық параметрлері белгіленген жұмыс тәртібіне сәйкес, өлшенген көрсеткіштер мен зиянды заттектің шоғырлануы белгіленген нормативтен асқан жоқ. Мониторинг нәтижесінде жиналған мәліметтерге сүйене отырып, кәсіпорын қоршаған ортаның ластануына елеулі әсерін тигізбейтінін қорытындылауға болады.