Naizager
28 мамыр, 2025
«Бұл – әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға деген мемлекетіміздің қамқорлығының бірі. Бұл саясатты облыстық әкімдік пен «Тараз» ӘКК» АҚ өте ұтымды ұйымдастырып отыр. Бұған қарапайым халық та риза», – дейді акционерлік қоғам директоры.
Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағасында аса өзгеріс жоқ. Атап айтар болсақ, Тараз қаласындағы әлеуметтік дүкендерде бүгінде ұнның бір килограмы – 150, нан – 90, макарон өнімдері (1 сорт) – 290, қарақұмық – 198, күріш – 385, картоп – 130, пияз – 65, қырыққабат – 120, құмшекер – 390, күнбағыс майы – 570, тауық еті – 1200, сүт – 325, айран (2,5%) – 350, сары май – 1580, жұмыртқа – 48, Арал тұзы – 45, сүзбе 1200 теңгеден өткерілуде.
Азық-түліктердің бағасымен бірге сапасы да тұтынушылар көңілінен шығуда. Өйткені бұл азық түліктер арнайы жабдықталған заманауи қоймаларда сақталған. Сондай-ақ әлеуметтік дүкендерге күн сайын жеткізіліп тұрады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Тараз қаласы