АҚШ Президенті New York Post-қа берген сұхбатында Ресей Президенті В. Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, «Украинадағы соғысты тоқтату жайлы келісімге келуге тырысқанын» айтты. Екеуінің қанша минут сөйлескені белгісіз.
Белгілісі — АҚШ Президенті Дональд Трамп соғыс алаңындағы жауынгерлердің қазасы Путинге де «бәрібір емес» деді.
-Ол адамдардың қырылғанына қарсы, — деген ол «Путин жақын арада қақтығыс аяқталады деп тілейді» деген. Сонымен бірге Трамп Украинадағы соғысты тоқтатуға байланысты «нақты жоспары» бар екенін айтып, бірақ онысының бүге-шігесіне тоқталмаған.
-Украинада сұмдық соғыс болып жатыр. Мен бұл шайтаналғырды тоқтатқым келеді, — деген Трамп ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтцті қақтығысты реттеуд3 назарға алуды шақырды.
-Екі жақтың кездесуін өткізейік. Олар кездескісі келеді. Күн сайын адамдар қырылып жатыр. Тура менің балам сияқты жап-жас жауынгерлер қаза тауып жатыр…
Деген ол сөзінің аяғында Путинмен қарым-қатынасы жақсы болғанын айта келіп, тағы да Байданді жамандап, 2022 жылы өзі Президент болғанда бұл соғысқа жол бермейтінін тағы да айтып кетіпті.