Бүгінгі жаңалықтардың бастысы ҚР Президентінің кеңесшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Абай облысының әкімі қызметіне тағайындалуы болды.
«Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «журналист» мамандығы бойынша бітірген азамат облыс әкімі боп тағайындалды» дегенді естісе болды, осы жұрттың «ой» деп, көңілі толмай қалатын бір жаман әдеттері бар. Сол жұрт тәні ауырса — дәрігерге, ал жаны қиналса — журналистке алдымен баратындарын неге ұмытып кете береді? Менменсіген шенеуніктер қабылдамай қойса да, кергіп, керіліп кеңсесінен шықпай қойса да, арыз-армандарын орындамай жатса да, дөрекілік танытса да, пәтер кезегінен төмен сырғытып тастаса да, жері мен суына қатысты дау-дамай бола қалса да прокуратура мен соттан бұрын журналистке жүгінбей ме бұ халық.
Ал сол журналист әкім болса несі айып, несі мін? Тарихқа үңілсек Ресейдің «ақ патшасы» Некалайды тағынан «құлатқан» Ленин «атамыз өзінің Еңбек кітапшасындағы мамандығы деген жерге «Журналист» деп бадырайтып тұрып жаздырған. Жә, сонымен…
МҰХТАР АБРАРҰЛЫ ҚҰЛ-МҰХАМЕД
Журналистерден әкім боп атқа қонған алғашқы азаат Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед. Көп тіл білу сән мен мәнге айналған заманда Мұхаң 6 тілді иегрен полиглот деген мықтың болады. Қытай елінің Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданындағы Шәуешек қаласында дүниеге келген алғыр Абрарұлы атажұртына келіп айды аспанға бір-ақ шығарды. Өйткені ҚР мемлекет және саяси қайраткері, Сенат депутаты, тарих ғылымының кандидаты, заң ғылымының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым акдемиясының академигі болу екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Жіліктеп, жіктеп айтсақ, ол 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіргеннен соң Қазақ Кеңес Энциклопедиясы Бас редакциясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары болды. Тәуелсіздік жылдары кәсіпкерліктің қыры мен сырына қанығып, «Атамұра» шағын кәсіпорнының директоры, «Атамұра» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының төрағасы, «Атамұра» корпорациясының президенті дәрежесіне дейін қол жеткізді. Бұған қалай сүйінбейсің енді, а?!
1999-2001 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болса, 2001 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК Президиумының 2001 жылғы 31 мамырдағы шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, 2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі, 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметтерін абыроймен атқарған Абырарұлы 2007-2008 жылдары – Қызылорда облысының әкімі болып қызмет еті. Қызылорда халқының қажеттілігі үшін тынбай қызмет етіп, тіпті тік ұшақпен жер шолып жүрген кезінде әуе апаты орын алып, құдайдың қолдауымен аман қалды. Сөйтіп әкімдік қызметін шарасыздықтан тоқтатуына тура келді.
Бұдан кейін де екі рет Мәдениет және ақпарат министрі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Мәдениет және ақпарат министрі, Президентінің Кеңесшісі болды. Санамалай берсек, Мұхтар Абрарұлының лауазымды қызметі де, алған атақтары да бір басына жетерлік. Міне, сендерге журналисттің жанкештілігі керек болса!
БЕЙБІТ ӨКСІКБАЙҰЛЫ ИСАБЕКОВ
Ақырын жүріп, анық басатын тағы бір журналист-әкім бар. Ол — Бейбіт Исабаев. Қазақ Ұлттық университетінен кейін еңбек жолын журналист мамандығы бойынша бастап, жап-жас кезінде «Өркен» – «Горизонт» газеттерінің бас редакторы, Қазақ мемлекеттік телерадио кешенінің бас директоры бол5ан ол өмір жолының қиындықтарынан өтіп, тәжірибе жинақтай келе мемлекеттік қызметтере араласты.
Атап айтсақ, 1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімшілігінде басшылық қызметтер атқарды, қала әкімінің орынбасары болды. 1997-2000 жылдарда – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы, Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры болды. 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі лауазымын атқарды. 2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі. 2003-2008 жылдарда Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болды. 2008-2009 жылдарда Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды. 2009-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Қырғыз, Әзербайжан республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2019-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі өкілдігінің басшысы, Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.
2022 жылдың 11 маусымынан бастап – Жетісу облысының әкімі қызметін әп-әдемі атқарып келеді.
БЕРІК ҚҰРМАНҒАЛИҰЛЫ УӘЛИ
Алдыңғы толқын ағаларының ізін басып, жолын жалғастырып келет жатқан журналистердің бірі — ҚР Президентінің кеңесшісі — Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли. Ол да, міне, бүгін ҚР Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысының әкімі болып тағайындалды.
2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппарат басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің жетекшісі, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы. 2015-2016 жылдары – «Нұр-Отан» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры, 2017-2018 жылдары – «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «1-студия» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісі, 2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы, 2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, 2022-2023 жылдары – «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2023 жылғы 12 қыркүйекте Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына қайта тағайындалды.
Міне, енді өзінің кіндік қаны тамған Абай облысына әкім болып барды. «Сүйер ұлың болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол» дегені де осы емес пе ұлы Абайдың!
Басқа басқа, халық журналист әкімнен жақсылық көрмесе, жамандық көрмейді. Өйткені бұл мамандықтың иесі қолына қалам алып, іске кіріскен күннен бастап халық ортасында, сол қарапайым халықтың мұңы мен мұқтажын билік басындағыларға жеткізумен айналысады. Өндіріс орындары мен егіс даласында жүретін де журналистер. Экономика мен мәдениет, өнер, спорт тақырыбын қопарып жазатын да журналистер. Сондықтан журналист әкім болса, қайта қуану керек.
Осындайда арқалы ақын Мұхтар Шахановтың бір кездері жазылған «ЖІГЕРЛЕНДІРУ» деген жыры еске орала береді.
Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп,
Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?
Көтер қане басыңды, қалай бұның?!
Мұз боп еріп кеткен бе бар айбының?!
Көтер қане басыңды!
Күніңді босқа өткізіп пе едің?
Тағдыр неге сыр айтты сары-ау,
Өмірдің барлық сәтсіздіктерін
Бақытсыздық — деп кім айтты саған?!
Кім айтты саған?!
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.
Кім айтты саған?!
Жұрттың бәрі мейірбан, арайлы деп,
Жұрттың бәрі шындықты қалайды деп,
Биікті ардақтайды, асылды қорлатпайды деп.
Қиналып бекер алаңдадың-ау,
Ойыңды шығар өріске!
Өзің-ақ айтшы, ғаламда мынау,
Жеңудің бәрі жеңіс пе?
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше.
Қуаныш құтты болсын, журналистер!